«№ 42 орта мектебі» КММ 2017 жылдың қыркүйек айында ашылды.
Мекен –жайы: Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦИК ауылы, С.Сейдалиев көшесі – 117
- Мектептің оқыту тілі-қазақша
- Жоба қуаттылығы - 900 орын
- Мектептің жалпы көлемі – 3,5 га (ғимарат көлемі 12103,2 шаршы метр)
- Мектептегі оқушылар саны – 2406Мектептегі мұғалімдер саны – 210, (10 қосымша)
Әкімшілік штат кестесі бойынша мектеп директоры – 1, мектеп директорының орынбасарлары – 5, шаруашылық жөніндегі орынбасары – 1, психологтар – 2, әлеуметтік педагог – 1, педагог-ұйымдастырушы – 1, дефектолог – 1, кітапханашылар – 2, АӘ және ТД – 1.
Мектеп кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылын мектеп 2017 жылы 645 оқушымен, 31 класс комплектісімен бастады. Мектепте 41 оқу кабинеті, 220 орындық акт залы, 2 спорт зал, 156 орындық асхана, 1 медициналық кабинет, 1 кітапхана бар. Информатика кабинеті – 4, жаңа модификациялық кабинеттер – 5. Мектеп бес күндік оқу режиміне көшкен, сабақ ұзақтығы – 40 минут. Мектепке 13 саяжайдан 154 оқушы тасымалданады.
Кадрлар құрамы тұрақты және жоғары білімді мамандар саны - 91 , арнаулы орта білімді – 3. Мұғалімдердің 35 пайызы жас мамандар.
