15.09 күні Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында облыстық "Ауыл мектебі 2025" байқауы өтті. Өз ауданында үздік деп танылған мектептер байқау барысында 3 бағыт бойынша бақ сынады. Аталмыш сайыстан #42 орта мектебі ұжымы да қалыс қалмай, көшбасшылық құрам мен шығармашыл ұстаздардың креативті идеялары, мектеп оқушылары мен ұстаздарының жетістіктері нәтижесінде жүлделі 3-орын иеленді.
