Тіл – ұлттың жаны. Тіл - мыңдаған ғасырлардың жемісі.. Елдің ең қымбат байлығы – тіл десек, сол тілдің мәртебесін көтеру, оның қадірін бағалау – әрбір оқушының қасиетті борышы. Ал, .тілдің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан ардақты тұлғалардың еңбегін ұлықтау – ұрпаққа өнеге. Қазақ халқының мәдениеті, өнері, әдебиеті, дәстүрі - барлық рухани байлығы тек қазақ халқының бойында сақталған. Ахмет атамыз «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп бекер айтпаса керек. Тіл өзінен –өзі байымайды. Оны байытатын да , қолдаушысы да - бізбіз, келешектің жастары.
Бүгін, 19 қыркүйек күні №42 орта мектебінде Тіл мерекесі айлығының жоспары аясында қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ахмет - ұлт ұстазы» атты Ахмет Байтұрсынов кабинетінің ашылуы өтті. Іс-шараның мақсаты - мектеп оқушылары арасында тіл мәртебесін көтеру, Ахмет шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Іс-шараға қатысқан оқушылар ақын шығармаларынан жатқа, мәнерлеп шығармалар оқыса, ұстаздар , қонақтар Ахмет өмірінен , өз пікірлерін ортаға салды.
Мектеп оқушылары арасында Ахмет шығармаларын насихаттау – олардың ұлттық сана-сезімін оятып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге зор ықпал етеді. Жас ұрпақ Байтұрсынұлы мұрасының құндылығын түсінгенде, өз тілінің қадірін арттырып, оны қолдануда жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын
дәріптеу арқылы біз тек өткенді ұлықтап қоймаймыз, болашаққа жол ашамыз.
Қатысушылар Ахметке халықтың арын іздеп, ұлтын шын сүйген нағыз ұлтшыл деп баға берді . Жас ұрпақ өз тілін құрметтеп, рухани мұраға сүйіспеншілікпен қараса,қазақ елінің ертеңі кемел болмақ.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дусипова Базаргул Уалиқызы